Зарина Дияс Жапониядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Фото: Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 318-ракеткасы Зарина Дияс Куруме (Жапония) ITF W50 турнирінің жартылай финалына шықты.

Доданың 6-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 499-орында тұрған Жапония өкілі Момоко Кобориді ойсырата ұтты.

Кездесу 6:3, 6:1 есебімен аяқталды.

Бәсеке небәрі 59 минутқа созылды.

Зарина Дияс финалға шығу үшін әлемнің 336-ракеткасы, қытайлық Мэйлин Ванмен таласады.

Қазақстандық теннисші қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 295-орынға көтеріліп, ТОП-300-ге кіріп тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің Турин турнирінің ширек финалына жолдама алғанын жазған болатынбыз.