Зарина Дияс жарақаты салдарынан Вашингтон турнирінен шығып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Зарина Дияс АҚШ астанасындағы Citi Open турнирінде жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлады Sports.kz.

Бірінші раундта жерлесіміз АҚШ өкілі Лорен Дэвиспен кездескен.

Бірінші сетте Зарина 5:7 есебімен жеңілген, ал екінші партия басталғаннан кейін, 15:40-та жарақатына байланысты турнирге әрі қарай қатысудан бас тартты.