Зарина Диястың Қытайда жолы болмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Чжэнчжоу қаласында өтіп жатқан WTA турнирінің жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлесіміз жарыстың ширек финалында жергілікті теннисші Шуай Пэннен ұтылды. Есеп: - 6:3, 6:3.

Естеріңізге сала кетейік, Зарина Дияс осыдан бір апта бұрын Наньнинде өткен (Қытай) ITF турнирінде жеңіске жеткен болатын.  Алайда, бұл жолы ширек финалдан аса алмады.