АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирі қазақстандықтар үшін табысты аяқталды.
Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні Зарина Раифова J2 санаты бойынша 70 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Қазақстандық парадзюдошы финалда кубалық қарсыласын вазари әдісімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ Аяла Мереке дәл осы санатта 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Ерлер арасында Жұқамырза Шүкірбеков J2 санаты бойынша 90 кг салмақта үздік үштікке ілікті.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында барлығы 5 медаль жеңіп алса, оның екеуі – алтын, үшеуі – қола.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақмарал Науатбектің пара дзюдодан Гран-при жарысының чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).