Зарина Толыбай бокстан Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА.KAZINFORM - Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері өтіп жатыр.

Фото: видеодан алынған скрин

U19 санаты бойынша 80 келідегі Зарина Толыбай финалда Үндістан спортшысы Пречи Токаспен күш сынасып, төрешілердің бірауыз шешімімен (5:0) басым түсті.

Айта кетейік, бүгін еліміздің атынан бірінші болып U19 санатындағы Камила Оспанова (70 келі) шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз ақтық сында әлем чемпионы, Өзбекстан боксшысы Мафтуна Янгиевамен жұдырықтасып, 3-раундтың қорытындысы бойынша 3:2 есебімен басым түсті.

Бокстан Азия чемпионатының финалында бүгін, 15 шілде күні кімдер шаршы алаңға шығатынын жазған едік.