Зәуірбек Байсаңғұров WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды

None
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Зәуірбек Байсаңғұров бірінші орта салмақтағы Бүкіләлемдік бокс ұйымының нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды,

деп хабарлады Лента.ру.

Аталған атаққа үміткер чехиялық Лукаш Конечны мен Байсаңғұров арасындағы жекпе-жек кеше Киевте өтіп, ресейлік былғары қолғап шебері ұпай санымен басым түсті.  12 раунд аяқталғаннан кейін барлық төрешілер жеңісті 119:109, 117:111, 118:110 есебімен Байсаңғұровқа берді.

Зәуірбек Байсаңғұров 2011 жылдың қазан айынан бері WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын иеленіп келеді.