АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Бақтиер Зайнутдинов ұлттық құраманың қараша айында өтетін ойындарына шақырту алмады.
Футболшы Солтүстік Македониямен өткен ойында алған сары қағазы мен клуб сапында алған жарақатына байланысты Бельгия және Фарер аралдарымен өтетін ойынға қатыса алмайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Зайнутдинов қыркүйек айындағы құраманың екі ойынынан тыс қалған болатын.
Абылайхан Жұмашев
1993 жылы 15 қарашада Атырау облысы Индер ауданында дүниеге келген.
Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының магистрі.