«Бұл ретте - зайырлы мемлекет - ол атеистік мемлекет емес екенін атап өткім келеді. Демек, зайырлы мемлекетте түрлі конфессиялардың, атеистердің, агностиктердің құқықтары бірдей», - деді министр.
Президент рухани жаңғыру туралы мақаласында Қазақстанның ежелден келе жатқан зайырлылық дәстүрлері бар екенін атап өтті. Олардың негізінде төзімділік, бейбітшілдік, дінге сенетіндер мен сенбейтіндердің құқығын құрметтеу мәселелері жатыр.
«Көпконфессиалы Қазақстан үшін тұрақтылықты сақтаудың жалғыз жолы - зайырлы мемлекет. Мұндай мемлекеттің принциптері діндерді саясаттандыруға және оны пайдалана отырып сананы алдап-арбауға жол бермейді», - деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.
Министр Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша осы мақсатта Министрлік заңдарға енгізілетін өзгерістер топтамасын әзірлеуде. Құжатты дайындауда сарапшылар мен ғалымдардың үлкен тобы бірнеше ай жұмыс істеді.
Топтама негізін «Дін саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасы» құрайды. Ол мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарға көзқарастар мен тәсілдердің жүйесін құрайды.