Іздеуде жүрген Kazakhstan Kagazy экс-бас директоры БАӘ-де ұсталды
23:24, 17 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM — Біріккен Араб Әмірліктерінің аумағында Қазақстан ІІМ Интерпол ұлттық бюросының сұрауы бойынша Kazakhstan Kagazy компаниясының бұрынғы бас директоры Мақсат Әріп ұсталды.
Polisia.kz-тің мәліметінше, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті оған аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеу жарияланған болатын.
Мақсат Әріп Kazakhstan Kagazy компаниясын 2003 жылдан 2008 жылға дейін басқарды.