Зеленов ауданынан үш өнерлі шәкірт «Ақ көгершін» фестиваліне қатыспақ - БҚО

ОРАЛ. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Зеленов ауданы Қасым Аманжолов атындағы мектептің үш бірдей оқушысы Елордада өтетін VІІ халықаралық «Ақ көгершін» балалар мен жастар шығармашылығының фестиваль-конкурсына қатыспақ.

Фестиваль талаптарына сай қатысуға ниет білдірген өнерлі өрендер ән орын­даудағы дауыс мүмкіндігін дәлелдеу үшін арнайы студияда жазылған әндерін жолдау қажет болатын.

Аталмыш мектептің музыка пәні мұ­ғалімі Мирболат Исмағұловтың жетекші­лігімен дайындалған 5-сынып оқушылары Алтынай Тойлыбаева орындаған «Домбыра туралы баллада» әні мен Нұртас Ізмұқанбетов шырқаған «Дудар-ай» әні, 9-сынып оқушысы Аяжан Нуфтуллина­ның орындауындағы «Анаға хат» әні ұйым­дастырушылар тарапынан жоғары бағаланып, «Ақ көгершін» балалар қоры­ның директоры Тамара Ескенованың шақыртуын алып отыр.