Зеленов ауданында 20 млрд. теңгеге жуық жалпы өнім өндірілді
11:26, 28 Қаңтар 2009
ОРАЛ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданында 20 млрд. теңгеге жуық жалпы өнім өндірілді, бұл алдыңғы жылғыдан 8 млрд. теңгеге жоғары,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Ғайса Қапақовтың айтуынша, аудан экономикасына 25 млрд. теңгеге жуық инвестиция құйылды, бұл 2,7 есеге көп. Өткен жыл бюджеті 2,6 млрд. теңгеден асса, салық түсімі 1 млрд. 171 млн. теңгені (2007 жылы ? 953,1 млн. теңге) құрады.