Владимир Зеленский кешкі сөзінде қақтығысты тоқтату бойынша келіссөздің келесі кезеңі 21 наурызда өтетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, Киевтің келіссөз тобы АҚШ-қа аттанып үлгерді.
— Америка тарапынан қолданыстағы келіссөз форматтары аясында жұмыс істеуге дайын екені туралы сигналдар келіп түсті, — деді Зеленский.
Ол қақтығысты тоқтату бойынша дипломатиялық күш-жігерде үзіліс орнағанын, бірақ енді «оны тоқтату уақыты келгенін» растады.
— Біз келіссөздің шынымен мазмұнды болуын қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Украиналық команда — келіссөз тобының саяси бөлігі жолға шықты, біз осы сенбіде Америка Құрама Штаттарында кездесу өткенін күтеміз, — деп жалғастырды Украина президенті.
Келіссөз тобына Умеров, Буданов және Арахамия кіреді.
Владимир Зеленскийдің айтуынша, сол күні ол делегация мүшелері — Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің (ҰҚКК) хатшысы Рүстем Умеров, Президент кеңсесінің басшысы Кирилл Буданов және парламенттегі «Халық қызметшісі» фракциясының төрағасы Давид Арахамиямен еліссөзді егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан басқа, кездесуге ПК басшысының бірінші орынбасары Сергей Кислица қатысады.
Осыған дейін АҚШ Украина және Ресеймен үшжақты кездесуді кейінге қалдыруды ұсынғанын хабарладық.