«Алда келіссөздердің жаңа раунды, біз бейбітшілікті қалаймыз. Маған мәлім болғандай, Түркия аумағында бетпе-бет кездесу мүмкіндігі пайда болды. Бұл жаман емес. Нәтижесін көрейік. Біздің басымдықтарымыз белгілі. Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығы күмәнсіз. Мемлекетіміз үшін тиімді қауіпсіздік кепілдіктері міндетті. Біздің мақсатымыз да айқын – бейбітшілік пен қалыпты өмірді тез арада қалпына келтіру», - деді Зеленский видео үндеуінде.
Еске салсақ, Ресей делегациясының басшысы, президент көмекшісі Владимир Мединский Ресей мен Украина делегациялары келіссөздердің кезекті раундын 29-30 наурызда өткізу туралы шешім қабылдағанын хабарлаған болатын.Бұған дейін де екі ел арасында бірнеше келіссөз өткізілді, бірақ айтарлықтай нәтиже болған жоқ.