Зеленский Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзбен кездесті
09:40, 03 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM — Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзбен кездесуге келді, деп хабарлайды Анадолы ақпарат агенттігі.
Кездесу Сандрингем сарайында өтті. Бұл туралы британдық БАҚ хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, Зеленский сарайға әскери тікұшақпен ұшып келген.
Украина президенті Лондонда өтіп жатқан Еуроодақ басшыларының саммитіне қатысып жатыр. Ол бұған дейін Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармермен келіссөздер жүргізген.
Еске сала кетейік, бұған дейін Украина Ұлыбританиядан 3,2 миллиард доллар қорғаныс несиесін алғанын жазған болатынбыз.