Зеленский Вашингтонға аттанды

Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM – Украина президенті Владимир Зеленский Дональд Трамппен кездесуге Вашингтонға ұшты. Бұл туралы Украина Жоғарғы Радасының депутаты Ярослав Железняк Telegram-арнасында хабарлады.

Еуропа елдерінің басшылары да Зеленскийді қолдау үшін АҚШ астанасына баратынын мәлімдеді. Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен де Вашингтонға баруға ниет білдірді.

17 тамызда Брюссельде Украина президенті Владимир Зеленский мен Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйеннің екіжақты кездесуі өтті. Одан кейін олар «ниеттілер коалициясы» отырысына бейнебайланыс арқылы қатысты.

Зеленский бұл жиынды «өте пайдалы» деп бағалады.

– Барлығы да негізгі мәселелер Украина, АҚШ және Ресей басшысының қатысуымен үшжақты форматта шешілуі тиіс деген пікірді қолдап отыр, – деді ол.

Бұған дейін Зеленскийдің 18 тамызда Вашингтонда Дональд Трамппен кездесуі өткізетіні хабарланған болатын.