АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің «Зенит» командасы қазақстандық футболшы Нұралы Әліппен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Санкт-Петербург қаласы командасының баспасөз қызметі мәлім етті.
«Команда басшылығы және «Қайрат» клубы футболшының толыққанды ауысуы туралы келісімге келді. Қазақстан құрамасының орталық қорғаушысымен келісімшарт «2,5 1» жүйесі бойынша жүргізіледі», - деп жазылған хабарламада.
Нұралы Әліп 1999 жылы дүниеге келген. 2018-2022 жылдарда Алматының «Қайрат» командасы сапында 74 ойында 4 гол соқты.
2022 жылдың басында оны «Зенит» жалға алды. Содан бері Ресей Премьер-лигасында 4 кездесуде жасыл алаңға шықты.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсар» командасына жаңа бас бапкер тағайындалды.
Фото: fc-zenit.ru
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.