Зере Өтебаева Мәжіліс аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетовтің өкімімен Зере Орынтайқызы Өтебаева ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты басшысының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Мәжіліс аппаратының баспасөз қызметінен хабарлағандай, Зере Өтебаева бұған дейін ҚР Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз  ету бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Зере Орынбайқызы Өтебаева Мәскеу экономика және құқық институтын және Ресей ғылым академиясының әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының аспирантурасын бітірді. Заңгер,  саяси ғылымдар кандидаты.

1999-2001 жылдары Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінде жұмыс жасады. 2001 жылдан осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің аппаратында әртүрлі лауазымдарда болды. 2008 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімін басқарды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, бірнеше мерейтойлық медальдармен марапатталған.