«Зерен-2019»: Танымал тұлғалар табысқа жетудің құпиясымен бөлісті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚаАқпарат - «Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші кезеңіне Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Түркия, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінен жиналған 200 жас дарын қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардыңайтуынша, Зеренді көінің жағасына келген 200 жас 9 күн бойы азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлікдағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа салаларыбойынша білімдерін жтілдірген. Сондай-ақ дәріспен бірге топ-топқа бөлініп, өзбизнес жобаларын жасаған.

Лагерьдің дәстүрібойынша екінші кезең қатысушыларына да танымал тұлғалар спикер ретінде келіп,өз сәттіліктерінің құпиясымен бөліскен.

Атап айтсақ, Қазақстанның альпинистер құрамасының капитаныМақсұт Жұмаев, кәсіпкер Тимур Хұдайбергенов, қоғам қайраткері Әлихан Бәйменовжастарды батыл жобаларға ынталандырып, ашық сұхбат құрды. Екінші кезеңніңжабылу салтанатына ҚР Білімжәне ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова қатысып, жастар дайындаған жобалардыңбәріне жоғары баға берген.

«Осында болып жатқанның бәрін көріп шын жүректен қуанып тұрмын. «Зерен-2019»лагері – бұл қазірдің өзінде өміріміздегі көптеген мәселелерді шешудің ерекшежолдарын ұсынатын жас ақылдардың квинтэссенциясы. Барлығыңыздың табыстыкәсіпкер болып, өз идеяларыңызды жүзеге асыруларыңызды және оларды Қазақстанғағана емес, бүкіл әлемге көрсетулеріңізді, әрі қолдануларыңызды тілеймін», -деді Фатима Надырқызы.

Екінші маусымда жеңімпаз атанған әр командаға 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлық сертификатыберілді.

Ал «бизнес-ангел» демеушілер тарапынан өзекті жоба ұсынғанекі командаға 2 млн теңге табыс етілді.

«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагерініңүшінші кезеңі 23 – 31 шілде аралығында өтеді.

Еске салсақ, «Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші маусымы басталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар