«Зерен-2019» танымдық лагері аяқталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Зерен-2019» танымдық лагері мәреге жетті. Үш маусымда лагерьге Қазақстаннан, сондай-ақ шетелден 600 дарынды отандасымыз қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лагерьбағдарламасы дәрістер мен семинарлардан құралған білім беру блогынан жәнеәлеуметтік бизнес-жобаларды жасайтын тәжірибелік блоктан тұрды. Қатысушыларкелесі төрт бағыттағы жоба бойынша жұмыс істеді. Олар: азаматтық қоғамдыдамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңамедиа.

Әр маусымдадарынды жастар қазылардың талқысына өздерінің бірегей жобаларын ұсынды. Үшіншімаусымның жеңімпаздары 30 шілдеде анықта

лып, «Зерен-2019» Республикалық білімберу жастар жазғы лагерінің соңғы маусымы жабылды.

«IN DATA» командасы «Biz map» жобасымен, «UmitApp» командасы «Round up» жобасымен (жобаәмбебап дүкендер желісін қатыстыра отырып, қайырымдылық қорына қаржы тартуға бағытталған), «Happy project» командасы «Be my friend» жобасымен, «ZhanAru» командасы «CityBox» жобасымен (жоба Қоқысты бөлек-бөлек жинайтын автоматтандырылғанжүйені жасауға арналған), «Healthy Life» командасы «Magic hands» жобасымен үшінші ауысымныңжеңімпазы атанды.

Лагерьдіңсалтанатты түрде жабылуымен құттықтауға Қазақстанның Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетов келді. Ведомство басшысы жастардың дайындық деңгейіне, ой өрісіне және өзсаласындағы біліміне сүйсінетінін жеткізді.

Лагерьдің үш ауысымы да шілде айында өтті. Бірінші ауысым 3–11 шілде аралығында, екінші ауысым 13–21 шілдеде, үшінші ауысым 23–31 шілде аралығында өтті. Осылайша, әр ауысымда лагерьге Қазақстан, Иран, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Әзірбайжан және Қырғызстан елдерінен 200 қатысушыдан келіп, Зеренді курорттық аймағында естен кетпес тоғыз күнін өткізді. Лагерь біткенше 15 үздік жоба анықталды.«Зерен-2019» лагерінің үшауысымындағы жалпы жүлде қоры 15 млн. теңгені құрады, одан бөлек, кәсіпкерлер 12 млн. теңге бөлді.

Күн сайын зерендіктердің алдында танымал спикерлер сөз сөйледі, олар: Қазақстан вице-премьері Гүлшара Әбдіқалықова, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Президенттің кеңесшісі, саясат және қоғам қайраткері Ерлан Қарин, KustoGroup-тың негізін қалаушы және қосалқы иесі Еркін Тәтішев; қазақстандық әйгілі альпинист, жоғары деңгейлі альпинизм бойынша ҚРбіріншілігінің бірнеше дүркін чемпионы, әрі жүлдегері Мақсұт Жұмаев, Қазақстандағы еңірі таксопарктердің бірінің негізін қалаушы, кәсіпкер Тимур Хұдайбергенов, Қазақстанның мемлекеттік және қоғам қайраткері, Нұр-Cұлтандағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Бәйменов және тағы басқалар.

Алдыңғы екі ауысымның жеңімпаздары:

1 кезең:

  • «RedOrda» командасы, «Жоңышқа - табиғи тыңайтқыш» жобасымен.
  • -«Эко энерджи» командасы, «Био отын» жобасымен.
  • -«Оңтүстіктіктер» командасы, «Qazaq oyi» жобасымен.
  • -«Қамқор» командасы, «Мүмкіндігі шектеулібалаларға арналған шығармашылық орталығы» жобасымен.
  • -«Эко жер» командасы, «Вирмигумус» жобасымен.

2 кезең:

  • -«Эко бахилы Zeren» жобасымен UPGRADEкомандасы. Кем дегенде 350 рет пайдалануға болатын биологиялық ыдырайтынматериалдан эко-бахил тігу.
  • -Q4 командасы «Тақымды тұлға» жобасымен. Ұлттық ат оқу орталығыныңашылуы.
  • -Arasan командасы «Aiel Baqyty»жобасымен. Әйелдердің репродуктивті денсаулығына байланысты барлық проблемалардышешу үшін инновациялық платформа құру.
  • -Демеу командасы «Демеу» жобасымен.Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тегін оқу курсы және тұрақты жұмысқаорналастыру
  • -«Агро-М» жобасымен ұмтылу командасы. Халва, май, косметикажасауға болатын сафлор өсіру, химия мен тыңайтқыштарды пайдалануға шығынсызжануарларға арналған «тірі» азық.

Зерендіктер бүкіл уақытын жобаларды жасап, оны жүзегеасыруға ғана жұмсаған жоқ. Жастар күнделікті таңғы сағат 7-ден 8-ге дейінбелсенді спортпен айналысып, команда аралық спорт сайыстарына қатысты.Қатысушылардың ең сүйікті сәттерінің бірі - FireTime (алау маңындағы кездесу)уақытында ынталандырушы спикерлер жастарға тәлім беріп, оларды жаңа идеяларғашабыттандырды және өздеріне деген сенімдерін арттырды. Одан бөлек, қатысушыларбос уақытында тауға шығып, Ақмола облысының көркем табиғатымен танысты жәнеЗеренді көліне шомылды. 27 шілдеде зерендіктер, экология, геология және табиғиресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев ұйымдастырған «Бірге - Таза Қазақстан»ауқымды экологиялық челленджіне атсалысып, лагерь аумағын тазалады.

2019 жыл Қазақстанда жастар жылы болып жарияланғанынестеріңізге саламыз. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – ЕлбасыНұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл еліміздегі жастардың дамуына және жасқазақстандықтардың қажеттіліктерін шешуге арналған нақты қолдау құралдарынқұруға бағытталады.

«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚРАқпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып,Қазақстанда Жастар жылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылды.Лагерьдің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнесжобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. «Зерен-2019» жастардың өзін өзікөрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалықжәне әлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.

Қазақстан мен басқа да елдердің 18-29 жас аралығындағы кезкелген азаматы «Зерен-2019» жобасына қатысу мүмкіндігіне ие болды. Лагерьдетұру және білім алу шығынын ұйымдастырушылар көтерді.