«Зерен-2019» жастар жазғы лагерінің екінші маусымы басталды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 13 - 21 шілде аралығында Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия, Моңғолия және Қытай елдерінен жиналған 200 қатысушы тәжірибелі тәлімгерлердің жетекшілігімен өз жобаларын дайындап, ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Зерен-2019» республикалық танымдық жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастаржылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда.

9 күн бойы қатысушыларға Дос Көшім, Ерлан Мұстафин, Мақсұт Жұмаев, ТимурҚұдайбергенов, Әлихан Бәйменов және басқа да танымал тұлғалар тәлім береді.Спикерлер өз тәжірибесі мен табысқа жету жолын жастармен бөлісіп, жобаныжасап, жүзеге асырудың қазіргі уақыттағы қиындықтары туралы айтып береді.

Лагерь үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңде 200қатысушыдан жиналып, яғни барлығы 600 адам қатысады. Лагерьде тұру және білімалу - тегін. Бірінші кезең 3 – 11 шілде аралығында өтті, екінші кезең 13 – 21шілдеде, үшінші кезең 23 – 31 шілде аралығында өтпек.


Барлық қатысушы өз жобасын мынадай бағыттар бойынша әзірлейді:азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлік дағдылары, жасыл экономика, креативті экономикажәне жаңа медиа салалары. Әр командаға тәжірибелі тәлімгер-ментор тағайындалып,олар жастарға идеяларын қалай жетілдіруі керек екені жөнінде жол сілтеп, кеңесбереді.

Зерендіктер жобаға қатысты интеллектуалдыжұмыстардан бөлек, күнделікті белсенді спорт секцияларына қатысады. Әр таңда сағат 7-ден 8-ге дейін командалық спорт жарыстарына қатысып, кешкісін бәрінеұнайтын FireTime (алау маңындағы кездесу) уақытында ынталандырушы спикерлерменөз идеялары мен жоспарларын талқылайды.

Лагерьдің мақсаты – нақты іске асатын, орнықты, әлеуметтік бағыттағы бизнесжобаларды Қазақстанның барлық өңірінде ашу. Лагерь жастардың өзін өзікөрсетуіне көмектесіп, жастардың, соның ішінде ауыл жастарының экономикалық жәнеәлеуметтік сатыларға қол жеткізуіне көмектесу үшін ашылған.

Зерен лагері жобасының соңында сарапшы қазылар қатысушыларжасаған жобалардан ең үздігін іріктейді.Үш маусымның жалпы жүлде қоры - 15 млн теңге.


Айта кетер бір жайт, 3 – 11 шілде аралығында өткен бірінші маусымныңқорытындысы бойынша 5 үздік жоба таңдалды, жобаларды жүзеге асыру үшін жастарға 7 млнтеңге салтанатты түрде табыс етілді.

Соңғы жаңалықтар