«Зерен-2019»: Жастардың бизнес бастамаларын дамытуда маңызы зор

Фото: None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда жастар мәселесіне мемлекет тарапынан ерекше бөлініп отыр. Жастар – Қазақстанның тұрақты дамуының кепілі.

Елiмiздiң болашағыжастардың біліміне, еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты.Жастар тарихи құндылықтарымыз бен дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алғаілгерілетіп қана қоймай, елдің экономикасы мен ғылымын да дамытуға мiндеттi.Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын. Ендеше бүгінгі жастарға мемлекет пенқоғамда болып жатқан оң өзгерістердің қайнаған ортасынан табылып, Мәңгілікелдің болашақ иелері өздері екендігін ұғындыра түсу қажет.

Мемлекет басшысыөзінің он бағытында: «Жастар Қазақстанның дамуында шешуші роль атқарады оларпрогресстің қозғаушы күші болуға тиіс. Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялады.«Жастар — ел тірегі» арнайы жобасы жұмыс істеуде. Жас кәсіпкер, Жастар бизнесбастамаларын қолдаймыз, жастар стартаптарына қолдау көрсетеміз, жастардыжұмысқа орналастыру бағдарламаларын ендіреміз. Менің міндетім жастардың өзармандарын жүзеге асыру, өз табыс тарихтарын жасауына мүмкіндіктер жасау.Талантты жастарды мемлекеттік қызметтің барлық деңгейлерінде көтерілу үшінПрезиденттік кадр резерві жасалады», деген еді.

Ақмола облысыныңЗеренді ауданындағы «Зерен-2019» республикалық білім беру жастар жазғылагерінде үш ауысымға жоспарланған еліміздің көшбасшы жастарының жиыны да аталған мақсат үдесінен шығуда.Білім лагері аясында семинарлар мен тренингтер өткізіліп, тақырыптық жобаларәзірленіп, идеяларды іріктеу шаралары да ұйымдастырылыпты. Мұнда сондай-ақ,Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың он бастамасын жастар арасында талқылауалаңы да қарастырылған.

Айта кетейік,«Зерен-2019» республикалық білім беру жастар жазғы лагері ҚР Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, Қазақстанда Жастаржылын өткізу бойынша Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Лагерьдің мерзіміүш кезеңге бөлінген. Әр кезеңде 200 қатысушыдан жиналып, яғни, барлығы 600 адамқатысады. Барлық қатысушы өз жобасын азаматтық қоғамды дамыту, кәсіпкерлікдағдылары, жасыл экономика, креативті экономика және жаңа медиа саласыбағыттары бойынша әзірлейді. Әр командаға тәжірибелі тәлімгер-ментортағайындалып, олар жастарға, идеяларын қалай жетілдіруі керек екені жөнінде жолсілтеп, кеңес береді.

Алғашқы мауысым өзжұмысын нәтижелі өткерді. Нәтижелі дейтініміз - бұнда білімге құштар жастарөзара шүйіркілесіп қана қоймай, оларға аға буын өкілдері де келіп, ой-пікіріменбөлісіп, ашық алаңның көркін қыздырды. Екіншіден, бұнда еліміздің әр түкпіріненкелген жастар ұйымдарының басшылары ғана емес оқуда озаттар, өз ісін дөңгелетіпбасқаға үлгі болғандар жастар болды. Яғни, республикадағы жас кәсіпкерлер,көшбасшылар, білімқұмарлар бір-бірімен кездесіп, танысып, білісті, тәжірибеалмасты. Ендеше бұндай білімділер мен талаптылар басқосуы керек әрі оныңнәтижелі болуы да маңызды. Бірінші ауысымға қатысушылардың өзінде бірнешетақырыптар қамтылыпты.

Бірінші ауысымдажастармен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министр Дәурен Абаев кездессе, екіншіауысымда Дос Көшім, Ерлан Мұстафин, Мақсұт Жұмаев, Тимур Құдайбергенов, ӘлиханБәйменов және басқа да танымал тұлғалар келіп, тәлім беруде.


«Зерен» лагеріжобасының аяқталу соңында сарапшы қазылар қатысушылар жасаған жобалардан еңүздігін іріктейді. Үш маусымның жалпы жүлде қоры 15 миллион теңге. Айта кетербір жайт, 3 – 11 шілде аралығында өткен бірінші маусымның қорытындысы бойынша 5үздік жоба таңдалды, жобаларды жүзеге асыру үшін, 7 миллион теңге салтанаттытүрде табыс етілді.



Соңғы жаңалықтар