Зерендіде 2294 баланың жеке дерегі тарап кеткен

КӨКШЕТАУ. KAZINFORM — Зеренді ауданының прокуратурасы интернет-платформаларға жүргізілген мониторинг барысында анықталған мектеп оқушыларының дербес деректерін заңсыз тарату фактілерінің жолын кесті. Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы мәлім етті. 

Фото: Анадолы

Анықталғандай, білім беру ұйымдарының қызметкерлері кәмелетке толмағандар туралы мәліметтерді ашық қолжетімділікке орналастыруға жол берген, бұл қолданыстағы заңнама талаптарына қайшы келеді және олардың конституциялық құқықтарын бұзады.

— Прокурорлық ықпал ету шараларының нәтижесінде анықталған бұзушылықтар жойылып, дербес деректерге қолжетімділік шектелді. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2294 кәмелетке толмағанның конституциялық құқықтары мен заңды мүдделері қорғалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет жеке деректерді қорғау талабын жаңартатын құжатты бекіткен болатын.