Зеренді ауданы аумағында есірткі саудасының алды алынды
08:42, 30 Қыркүйек 2010
КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесімен күрес басқармасының жедел топ мүшелері өңірдің Зеренді ауданына қарасты Алексеевка ауылында есірткі саудасының алдын алды.
Тәртіп сақшылары бұған дейін бақылауда болған 1982 жылғы А. есімді азаматтың үйіне жүргізген тексеріс барысында жасырын ақ ұнтақты заттың барын анықтаған. Зертханалық тексеру оның есірткі - кептірілген марихуана екенін айғақтады. Осылайша салмағы 79,8 грамм есірткі заты тәркіленіп, күдіктінің үстінен ҚР ҚК-сінің 259-шы бабы 1-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.