Мерекеге тарту ретінде Күсеп селолық округіне қарасты Алексеевка ауылында алтын, күміс, цинк жəне қорғасын полиметталдарын өңдіру, өндеу жəне байытумен айналысатын «Горизонт» тауөнеркəсібі компаниясы" ЖШС фабрикасы іске қосылды. Кəсіпорынның жылдық қуаты орташа 150-20 мың тоннаны құрайды. Жобаның құны 1,7 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Фабрика қуатына толықтай шыққан кезде 100 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.
Сонымен қатар осы Қонысбай селолық округіндегі Гранитный ауылының маңында «Blic Terminal» ЖШС өсімдік майын шығаратын зауыт ашылды. Зауыттың қуаты тəулігіне 40-50 тонна майлы дақылдарды өндеуге жетеді. Жобаның құны 900 миллион теңгені құрайды. Кəсіпорынның əкімшілік-тұрмыстық ғимараты мен екі қоймасы бар. Алдағы уақытта жұмысшылар санын 120 жеткізу көзделген.
Салтанатты шараға қатысқан аудан əкімі Асқар Мұратұлы кəсіпорын ұжымдарын ел тəуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтай келе, жұмыстарына сәттілік тіледі.
21:24, 13 Желтоқсан 2016
Зеренді ауданында екі бірдей зауыт ашылды - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Ақмола облысының Зеренді ауданында екі бірдей зауыт пайдалануға берілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.