Зеренді ауданында «Жол картасына» 53 миллион теңге қарастырылды
10:37, 09 Мамыр 2009
КӨКШЕТАУ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданында әлемдік дағдарыстан шығуға бағытталған «Жол картасы» бағдарламасын іске асыру мақсатына бюджеттен 53 миллион теңге көлемінде қаржы қарастырылып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Ербол Сағдиевтің айтуынша, қарастырылған қаржының 20 миллион теңгесі өңірде әлеуметтік жұмыс орындарын ашу, жастар тәжірибесін іске асыру, жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруға бағытталатын болады. Оның сыртында Викторовка-Исаковка, Шағалалы-Приречное, Қошқарбай-Қарсақ, Көктерек-Қызылегіс сияқты 20 елді мекеннің аралық жолдарын қалпына келтіру ісіне 40 миллион теңгеден астам қаржы белгіленген. Мұның өзі ауыл жолдарының талапқа сай болуын жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, қосымша жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етпек. Сонымен бірге Зеренді қазақ орта мектебінің асханасына күрделі жөндеу қарастырылған.