Зеренді көлінде 32 жастағы ер адам суға батып кетті

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Зеренді көлінде 32 жастағы ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Белгілі болғандай ер адам Зеренді көліне туыстары және достарымен демалуға барған. Демалушылардың сөзінше, ер адам жағалаудан 10 метр жерде суға батып кеткен. Ол тұста судың тереңдігі - 170 см. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деді ведомстводан.

Осы ретте Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаменті облыстың тұрғындары мен қонақтарына судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін ескертеді.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында баланы құтқармақшы болған ер адамның суға батып кеткенін жазған едік.