The Telegraph басылымының жазуына қарағанда, кей жағдайларда статиндерді алма жеп алмастыруға болады. Егер адам күніне бір алма жеп отырса, жүрек талмалары мен инсульттардың алдын алуға болады, дейді Ливерпуль университетінің сарапшылары.
Ғалымдардың мәліметтерінше, жүрек-қантамыр кемістіктерінің даму қаупі аз топтағы адамдар үшін алманы күнделікті жеу статиндерді қабылдаудан миокард инфарктының қаупін төмендетумен тең болады.
Аталған әдістің болашағының зор екенін жүрек-қантамыр аурулары оқиғаларының 80 пайыздан астамы сыртқы факторларға байланысты болатынымен түсіндіріледі. Атап айтқанда, әңгіме ас мәзіріндегі зиянды тамақ, темекі шегу, алкоголь және дене белсенділігінің болмауы туралы болып отыр.