Ғалымдардың айтуынша, ауаның ластануы инсульт, астма және жүрек ауруларына ұшыратады.
«Англия бойынша тоғыз қаланы зерттеген мамандар балалардағы өкпенің жетілмеуі және өкпе рагы ауа ластануына байланысты екенін анықтады. Жыл сайын 124 адамның жүрегі тоқтап, 231 адам инсульт алып, 193 бала мен ересек астмамен ауруханаға түскен», деп жазады автор.
Бұған дейін Ұлыбритания үкіметі қоршаған ортаның ластануынан жылына 36 мың адам қаза табатынын хабарлады.
«Бұл дағдарыстан құтылу үшін жергілікті үкімет жаңа қадамдар қабылдап, денсаулық сақтау саласындағы бұл дағдарысты шешуі керек», деп жазады басылым.