Ғаламтор мұндай «қызметі» бойынша діннен алшақтықты құптайтын жоғары білім беру жүйесімен иық тірестіре алады екен. Бұл туралы muslim.kz сайты жазды.
«Әрине, біз интернет адамды діннен алшақтатады деп тап басып айта алмаймыз», - дейді ғалым. Алайда, былтыр сәуір айында қорытындысы шыққан зерттеу жұмысы бойынша, Құдайға сенбеймін дейтін америкалықтардың үлес салмағы 1990 жылғы 8 пайыздық межеден 2010 жылы 18 пайызға өскен.
Профессор Даунидің қорытындысы бойынша, аптасына бірнеше сағат ғаламтор пайдаланатын адамдар интернетке мүлде кірмейтіндерден 2 пайызға «құдайсыз» болып келеді екен.
Сондай-ақ, интернетті үнемі қолданатындардың арасындағы Құдайға сенбейтіндер қолданбайтындарға қарағанда 3 пайызға көп.