Зерттеу барысында бір жынысты егіздердің белсенді сыңарын оның пассив сыңарымен салыстырып көрген.
Зерттеушілер орта жастағылардың дене қозғалысының белсенділігі депрессияның жеңіл түрінің алдын алуда маңызды рөл атқарады деген ұйғарым жасаған.
Зерттеу 1995 - 2004 жылдар аралығын қамтиды. Осы аралықта елдегі Kela зейнетақы ұйымының мәліметтер қорындағы егіздерге жазылып берілген антидепрессант туралы ақпараттар зерделенген. Сонымен қатар егіздердің дене дайындығы мен әдеттері туралы анкеталар да зерттеуге пайдаланылған. Сауалнама 1975, 1981, 1990 жылдары жүргізілген.
Финндардың 10-15% депрессияның жеңіл түріне шалдыққан. Ал оның ауыр түрі елдегі ересектердің бес пайызында бар.