Зерттеу: Tele2 Қазақстанда қызмет құны жағынан көш бастап тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - ComNews Research компаниясы Қазақстандағы байланыс қызметтерінің құнына зерттеу жүргізіп, Tele2 компаниясын елдің неғұрлым тиімді операторы ретінде таныды. Тергеу нәтижесі Tele2 операторының мобильдік «себетінің» құны Қазақстан бойынша мобильдік «себеттің» орташа құнынан екі есеге төмен екендігін көрсетті.

ComNews Research деректеріне сүйенсек, мобильдік байланыс «себетінің» құны 2014 жылғы ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан бойынша орташа 1674,70 теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, 13,3 пайызға төмен. 2014 жылғы ақпандағы жағдай бойынша абоненттер үшін Қазақстан операторларының ең тиімдісі, өткен жылғыдай Tele2 компаниясы болып отыр: оператордың ұсынысы бойынша «себеттің» орташа құны 776,90 теңгені құрайды. Осылайша, компания «себетінің» құны Қазақстан бойынша орташадан төмен 53,6 пайызды құрады.

«Біз Қазақстандағы девальвация мен бағаның өсуіне байланысты абоненттерге артық төлемеу маңызды екенін білеміз, бұл ретте ұялы байланысты тұтынудың және интернетке қолжетімділіктің бастапқы деңгейін сақтадық. Біздің қазақстандықтарға ұсынысымыз бұрынғыша қалады, мақсатымыз бағаның әділ арақатынасын ұстап, барлығына тиімді ұялы байланыс сапасын арттыру болмақ», - деді Қазақстандағы Tele2 басқармасының төрағасы Пиетари Кивикко.

ComNews Research сондай-ақ Қазақстанның ұялы байланыс нарығында абоненттер үшін өңірлік баға ашық әртараптандырылмағанын айтады. 2014 жылғы ақпанда ең «арзан», ең «қымбат» өңірдегі мобильдік байланыс себетінің құны Қазақстан Республикасындағы мобильдік себеттің орташа құнынан кемінде 4 пайызға ерекшеленді. Зерттеу деректеріне сәйкес өткен жылы Қазақстанның барлық мобильдік операторларында мобильдік «себеттің» құны төмендеді, ал Tele2 операторында қызмет құны (2013 жылғы ақпанмен салыстырғанда, 29 пайызға) едәуір төмендегені байқалады.