Зерттеу университеттерін құру жөніндегі жоба іске асырылады - Сапархан Омаров

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров аграрлық ғылымды дамыту жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аграрлық ғылымды дамыту үшін Назарбаев Университетінің даму тәжірибесі бойынша Зерттеу университеттерін құру жөніндегі қанатқақты жоба іске асырылатын болады. Атап айтқанда, қарамағына 4 ғылыми-зерттеу ұйымын бере отырып, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында, сондай-ақ консорциум қағидаттарында 4 ғылыми зерттеу ұйымдарын тарта отырып, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің базасында құрылатын болады», - деді министр Үкімет отырысында.

Осы орайда ол бұл теорияны практикамен байланыстыруға мүмкіндік береді де, бизнес үшін отандық ғылыми зерттеулерге деген сұранысты қамтамасыз ететінін атап өтті.