«Зоология институты» РМК-ға 2023-2024 жылдардағы «Қызыл кітапты әзірлеу және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлері үшін электрондық базасын» жасау мақсатында омыртқасыз жануарлардың генетикалық, таксаномиялық әртүрлілігін зерделеу және сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін сақтау мақсатында криобиологиялық, молекулалық-генетикалық және морфологиялық зерттеулер жүргізу үшін омыртқасыз жануарлардың 96 сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрінен 480 данасын табиғи ортадан жинауға рұқсат берілсін», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.
Құжат 10 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.