Зерттеу: Үй жануарлары егде адамдар үшін пайдалы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар анықтағандай, үй жануарлары иелерінің денсаулығына оң ықпал етеді екен. Итпен қыдыру артық салмақпен күресуге, дәрігерге сирек қаралуға, жаңа адамдармен танысуға жәрдемдеседі. Зерттеу The Gerontologist журналына жарияланды.

«Алынған нәтиже медиктерге егде науқастарға үй жануарын өсіруге ұсыныс беруге негіз, - деді зерттеу басшысы Миссури университетінің егде адамдардың күтімімен айналысатын маман. Жүргізілген зерттеу арқылы итпен қыдыру мен физикалық денсаулық арасындағы байланыс анықталды.

Зерттеу барысында үй жануарымен өзара іс-әрекет, физикалық белсенділік, дәрігерге қатынау жиілігі, денсаулық жағдайы зерделенді. Ғалымдар атап өткендей, үй жануарына қатты бауыр басқан адамдар сонымен қыдырып көп уақытын өткізеді.

Зерттеу авторы ит асырап, онымен қыдыру егде адамдарға арналған мекемеде тұратындардың денсаулығына оң ықпал етеді деп санайды.