Зерттеу жастардың жиі оқитын кітаптарын анықтауға мүмкіндік берді

АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінгі жастар, көбінесе, жас ақын-жазушылардың шығармаларын оқиды. Бұл туралы Астанада өткен жиында Ұлттық академиялық кітапхана директорының орынбасары Ғалия Исаханова мәлім етті.

Оның сөзіне қарғанда, кітапхана қызметкерлері өткізген зерттеу жастардың жиі оқитын кітаптарын анықтауға мүмкіндік берді. «Оның ішінде Дидар Амантай, Айгүл Кемелбай, Аягүл Мантаева сияқты жазушылардың шығармалары бар. Сондай-ақ жастар жас ақын-жазушылардың кітаптарын жиі оқиды екен. Дегенмен классикалық және әлемдік әдебиет те одан тыс қалып отырған жоқ», - дейді Ғ.Исаханова.

Маманның айтуынша, бүгінде кітапханада отыратын азаматтардың 70 пайызы - жастар. Олар, көбінесе, ұстаздардың берген тапсырмасы бойынша кітап алады. Ал көркем әдебиетті оқитын жастар некен-саяқ.