Washington Post жазғандай, Стэнфорд және Калифорния университеттерінде зертхана зерттеушілері жас және кәрі жануарлардың қантамырлар жүйесін бір жүйеге біріктіріп, жас қан құйылғанда мидың қалай жасаратынын бақылаған. «Оның әсері молекулалық, құрылымдық, функционалдық және когнитивті деңгейлерде көрініс берді», - деп жазады зерттеу авторлары. Сондай-ақ Гарвард институтының зертханасында кәрі тышқандарға жас кеміргіштердің қанын құйғанда да дәл сондай құбылыс байқалған, яғни қартайған тышқандар бірден жасарып, олардың когнитивті, бұлшықеттік функциялары жақсарған. Зерттеушілердің бірі Альцгеймер ауруымен ауыратын науқастардың жағдайын жақсарту мақсатында бұл тәжірибені адамдарға жасап көруге ниетті екендігін жеткізді. Ғалымдар да тың тәсіл клиникада да осындай оң нәтиже көрсетсе, адамға кәрілікпен қоса келетін көптеген ауруларды емдеуге болар еді деп отыр.
04:39, 08 Мамыр 2014
Зерттеушілер қартайған ағзаны жылдам жасартатын тәсілді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас ағзаның қанын қартайған ағзаға құю арқылы ми мен бұлшықеттерге оң әсер етіп, жасарту әсерін туғызуға болады екен.