Зерттеушілер мысықтың нәзік жандыларға қарағанда, ер адамдарға көбірек әсерін тигізетінін анықтаған. Дәрігерлер бұл төрт аяқты жануарды үйде ұстау ер адамдарда жүрек талмасы мен инсульттің туындау қаупін 20 пайызға дейін азайтады деп есептейді.
Зерттеуге 40-85 жас аралығындағы 10 мың адам тартылған. Деректерге сәйкес, 85 жасқа дейін өмір сүрген ер адамдардың 70 пайызы үйлерінде мысық асыраған болып шықты.
Биологтардың айтуынша, бұл осы жануармен ұзақ араласқаннан кейін туындайтын оң әсерге байланысты. Яғни мысық пырылдап еркелегенде адамның қан қысымы төмендеп, оның бойында бақыт гормоны түзіледі, деп жазады Росбалт.