Зерттеушілер мен конгресс өкілдері АҚШ-та құмар ойындарға тәуелділіктің өсуіне алаңдаулы
АСТАНА. KAZINFORM – Зерттеу қорытындысы бойынша спорттық бәс тігулер заңдастырылған штаттардың көбеюіне байланысты интернетте құмар ойындарға тәуелділіктен көмек сұрайтындар саны айтарлықтай өскені анықталды, деп хабарлайды NBC News.
Сан-Диегодағы Калифорния университеті және Брин Мавр колледжінің зерттеушілері JAMA Internal Medicine журналында зерттеу қорытындылары «букмекерлік кеңселердің денсаулыққа үлкен қауіп төндіретінін көрсетіп отыр» деп жазды.
- Реттеуші құрылымдар мен денсаулық сақтау ұйымдарының құмар ойындарға зиян келтірумен байланысты күрделі мәселелерді шешуде ынтымақтастық парадигмасын өзгерту қажет, - деп жазды зерттеушілер.
Зерттеу 2018 жылы Неваданың құмар ойындар монополиясын бұзған Жоғарғы сот шешімінен кейін заңдастырылған спорттық бәс тігулер миллиардтаған долларлық салаға айналуына байланысты жүргізілген.
Америкалық құмар ойындар қауымдастығының мәліметінше, америкалықтар биылғы жылы Суперкубокқа шамамен 1,4 млрд доллар тіккен, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 1,25 млрд долларға көп.
Қазіргі кезде 38 штат пен Вашингтон (Колумбия штаты) букмекерлік кеңселерде немесе онлайн режимінде спорттық бәс тігудің қандай да бір түріне рұқсат беріп, бұл штаттарға жүздеген миллион доллар салық түсіреді.
Зерттеушілер құмар ойындарға тәуелділікке қатысты ай сайынғы Google іздеулеріне талдау жасады, мысалы, «ойынға тәуелділік туралы сенім телефоны» немесе «Мен құмар ойынға тәуелдімін» және Жоғарғы Сот шешімінен кейін бүкіл ел бойынша іздеулер 23 пайызға артқанын анықтады.
Зерттеушілер интернеттегі іздеулердің артуы денсаулық сақтау органдарының құмар ойындарға тәуелділік мәселесін бақылауда ұстау қажеттілігін көрсетеді деген қорытындыға келді.
- Құмар ойынмен байланысты зиянның күшеюіне және оның ұзақ мерзімді салдарына жол бермеу үшін шұғыл әрекет ету керек, - дейді зерттеушілер.
Осыған дейін 75 мыңнан астам азамат өзін құмар ойындарға қатысуға шектегені туралы жаздық.