Зейнатақы жинақтау қоры комиссиялық сыйақысын төмендетеді - Григорий Марченко

АЛМАТЫ. 6 наурыз. ҚазАқпарат -«МЗЖҚ» АҚ-ы 12 наурыздан бастап өзінің салымшылары үшін комиссиялық сыйақы мөлшерлемесін біржақты тәртіппен төмендетуге шешім қабылдады.

 Оны ҚР Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

Зейнетақы жинақтау қорының бірден-бір акционері болып табылатын ҚР Ұлттық банкі төрағасының айтуынша, инвестициялық кірістен комиссиялық сыйақы 15-тен 12 пайызға төмендейді. Зейнетақы активтерінен комиссиялық сыйақы 0,5-тен 0,45 пайызға дейін азайтылады. Г. Александровичтің сөзіне қарағанда, бұл өзгерістердің нәтижесінде бағалау бойынша қордың жоспарлы таза пайдасы ағымдағы жылы 50 пайыздан астам төмендейді.

«Акционердің бұл шешімі ерікті түрде жасалып отыр.  Ол қор салымшыларының қызығушылығы үшін жасалуда. Өзге қорлар бұл мысалдан үлгі алады деп ойлаймын. Зейнатақы саласындағы бәсекелестік үшін ол өте маңызды», - деді Г. Марченко.