«Шуақты күндер» және «Бабалар аманаты» кітаптарымен танылған жазушы «Күретамыр» деп атаған кезекті кітабын бала тәрбиесіне арнап отыр.
«Қазақтың салт-дәстүрі туралы көптеген еңбектерде ұлттық жөн-жоралғылар туралы қысқаша мағлұмат қана берілетін. Зейнеп апаның жаңа кітабында келіннің бойына бала біткеннен, оның дүниеге келуі, өсуі, мүшел жасқа жетуіне дейінгі аралықта жасалатын салт-дәстүр мен ырым-тыйымдар, олардың мән-мағынасы, не үшін жасалатыны кеңінен түсіндіріледі», - деп жауап берді ҚазАқпарат сауалына З.Ахметованың көмекшісі, журналист Айгүл Болатханқызы.
Жаңа кітап 2 мың таралымен, демеушінің қаржысына шығарылған. Кітап дүкендер желісіне әзірге түспегендіктен оны автордың көмекшісінен алуға болады.
20:49, 19 Қаңтар 2018
Зейнеп Ахметованың жаңа кітабы жарық көрді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық жазушы, Бауыржан Момышұлының келіні, қазақы дәстүрлерді, отбасылық құндылықтарды насихаттаушы Зейнеп Ахметованың жаңа кітабы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.