«Жұмыстан босатылуы мүмкін зейнеткерлердің саны 7 мың: 5 мыңы - зейнет жасындағылар және 2 мыңы зейнет жасына шығуға жақын қалғандар , яғни екі жылдан кейін зейнеткер атанатындар. Жұмыстан шығару мәселесін біздің медициналық ұйымдар әлі зертеп жатыр, нақты шешім емес», - деді Хрипун.
Осыған дейін Ресейдің БАҚ-тарында Мәскеудің денсаулық сақтау жүйесін қайта құру барысында бірқатар ауруханалар жабылатыны хабарланған болатын. 2 қараша күні Мәскеуде медицина қызметкерлері денсаулық сақтау реформасына қарсы шеруге шықты.