– Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке тұлғаларға қатысты. Резидент болып табылатын азаматтар – Қазақстан аумағында тұрақты тұратын, сондай-ақ өмірлік мүдделері Қазақстан аумағында орналасқан (мысалы, туысқандары Қазақстанда тұратын немесе меншік құқығындағы жылжымайтын мүлкі бар) тұлғалар. Мұндай азаматтардың зейнетақы төлемдерінен жеке табыс салығы ұсталмайды, – деді Гүлнұр Ағайдарова.
Ал бейрезидент болып табылатын тұлғалардың зейнетақы төлемдеріне міндетті түрде 10 пайыз мөлшерінде жеке табыс салығы ұсталады.
Айта кетейік, 2025 жылғы 18 шілдеде мемлекет басшысы жаңа Салық кодексіне қол қойған болатын.