Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутаттар сұрақтарына жауап берген Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченко осылай мәлім етті.
«Кез келген зейнетақы жүйесінің тиімділігіне тек қана сол жүйе жұмысының 30-40 жылында ғана баға беруге болады. Өйткені, дәл осындай уақыт аралығында бір ұрпақ еңбек нарығында болып, зейнетке де шығады. Біздің жүйеміздің жұмыс уақыты 14 жыл ғана. Ал осы 14 жылдағы зейнетақы жүйесінің жинақталған орташа кірістілігі 348,2 пайызды құрайды. Ал дәл осы кезеңде жинақталған инфляция 211,9 пайызға тең. Яғни, зейнетақы қорларының жинақтаған кірістілігі жинақталған инфляция деңгейінен 1,5 есеге артық», - дейді Г. Марченко.
Оның айтуынша, зейнетақы қорларының орташа алғандағы жылдық кірістілігі 12 пайызды құрайды, ал инфляцияның орташа жылдық көрсеткіші 8,7 пайызға тең.