Зейнетақы қорының кіріс көлемі артып келеді - ҚР Ұлттық банкі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының кіріс көлемі артып келеді.

Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«БЖЗҚ активтері артып келеді. 1 шілдедегі есеп бойынша Бірегей жинақтаушы зейнетақы қорындағы зейнетақылық активтер 4 926,4 млрд. теңге құрады, ол жыл басындағы есеппен салыстырғанда 9,1% немесе 410,8 млрд. теңгеге артық», - дейді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, жалпы, Ұлттық банк иеленген құнды қағаздар бойынша жылдық түсім 8,3% құрады. БЗЖҚ зейнетақы активтерінің түсімі 2015 жылдың 1 жартыжылдығында 3,04% көлемінде көрсетті.

2015 жылдың 1 жартыжылдығында Ұлттық банк 560,4 млрд. теңге зейнетақы активтерін инвестициялады.