Зейнетақы төлеу ғимаратында өрт болды - ОҚО

АСТАНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданына қарасты Асық ата кентінде орналасқан Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы филиалының екі қабатты ғимаратында 8 ақпан күні сағат 06:58-де екінші қабаттағы кабинетте өрт болды.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Жалын сағат 07:10-да ауыздықталып, 07:50-де толық сөндірілді. Онымен күреске ҚР ТЖМ Оңтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды. Жалын 15 шаршы метр аумаққа тарады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.