25-қаңтар мен 25-шілде аралығында өткен бұл шарада жеңімпаздар «Зейнетақы жинақтарын инвестициялау» тақырыбын үздік насихаттағаны үшін», «Зейнетақылық сауат ашу», «Саланы шынайы насихаттағаны үшін» деген аталымдар бойынша анықталды. Мәселен, «Зейнетақы жинақтарын инвестициялау» тақырыбын үздік насихаттағаны үшін» аталымы бойынша Шымкент қаласындағы«Рабат» газетінің шеф-редакторы Фарида Шарафутдинова iPhone алса, «Зейнетақылық сауат ашу» аталымында Астана қаласындағы "Инфо-Цес" газетінің тілшісі Ғалия Карменоваға фотоаппарат, «Саланы шынайы насихаттағаны үшін» деген аталымында "Республика" газетінің тілшісі Асхат Ахметбеков ноутбек алатын болды. Онда сондай-ақ, лаурет атанған Албина Түсіпбаева (Алматы), Наталия Пак (Алматы), Анна Скиданенко (Теміртау), Ирина Волкова (Павлодар) және «Личный счет» журналы (Астана) арнайы сый-сияпатқа ие болмақ.
13:57, 19 Тамыз 2011
«Зейнетақы - ұзақмерзімдік инвестициялау» байқауының қорытындысы шықты
АЛМАТЫ. 19 тамыз. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Республика» зейнетақы жинақтау қоры» АҚ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы «Зейнетақы - ұзақ мерзімдік инвестициялау» байқауының қорытындысын жариялады.