Зейнетақы жарнасының жаңа тәртібі қазақстандықтарға қалай әсер етеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс берушінің есебінен (Жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарнасы -ЖМЗЖ) қызметкердің пайдасына 5 пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұлнормалар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2тамыздағы ҚР Заңымен қабылданды. Жұмыс берушінің зейнетақы жарналарыненгізудегі мақсаты – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру, жұмысшылардың еңбекөтіліне сәйкес келетін лайықты зейнетақымен қамтамасыз ету. Осылайша,қызметкердің жеке зейнетақы шотына ай сайын жалақының 15 пайызы аударылыпотырады: 10 пайызы – қызметкердің міндетті зейнетақы жарналары, 5 пайызы –жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен зейнетақы жарналары», - деп түсіндірдіЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Бұлжаңашылдық барлық жұмыс істейтін азаматтарға, оның ішінде жеке кәсіпкерлер жәнежеке практикамен айналысатын адамдарға қолданылады. ЖМЗЖ азаматтық-құқықтықсипаттағы келісімшарттар негізінде жұмыс және қызмет көрсететін адамдарға;зейнеткерлік жастағы жеке тұлғаларға; әскери қызметшілер мен күштікқұрылымдардың қызметкерлеріне; еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріналушыларға; өмір бойы ай сайынғы төлеммен қамтылатын отставкадағы судьяларғақолданылмайды.

Жұмысберушілерден келіп түскен зейнетақы жарналары жеке тұлғалардың меншігі болыпсаналмайды және мұраға қалдырылмайды. Бұл қаражат БЖЗҚ активінде болады жәнезейнеткерлер арасында қайта бөлінеді.

«Еңбекшарттары мен жалақы мөлшері еңбек шартында қарастырылғандықтан, жұмысшылардыңжалақысын төмендетуге себеп болмауы керек екендігіне назар аударамыз. ҚР Еңбеккодексіне сәйкес, еңбек шартына кез келген өзгертулер тек қызметкер мен жұмыс берушінің өзаракелісімі бойынша ғана енгізілуі мүмкін. Еңбек құқығы бұзылған жағдайда,қызметкер жұмыс орнындағы еңбек инспекциясына немесе Еңбек, әлеуметтік қорғаужәне көші-қон комитетіне 74-34-91, 74-35-72 (Еңбек қатынастары басқармасы)нөмірі арқылы хабарласуға құқылы», - делінген министрлік хабарламасында.

ЖМЗЖ енгізужөніндегі нормаларды іске асыру үшін ЖМЗЖ есептеу және аудару жөніндегі,сондай-ақ ЖМЗЖ есебінен төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі тетіктерді көздейтінтиісті Ережелер әзірленді. Ереже жобалары Министрліктің сайтындаорналастырылған.

Мысал үшінеңбек өтілі 33 жыл еңбекақысы 172 мың теңге (бүгінгі күні орташа жалақы)қызметкерді алайық. 33 жыл ішінде инвестициялық табысты есепке ала отырып,қызметкердің жалақысынан 10 пайыздық зейнетақы жинақтары шамамен 12,7 млнтеңгені құрайды. Бұлорайда, жалақының өсуі ескерілмейді. Еңбек демалысына шыққан кезде қызметкердіңзейнетақысы 140 мың теңгені құрайды, оның ішінде жинақтау -110 мың теңге,базалық - 30 мың теңге. Алайда, мұндай жағдайда жұмыс берушінің жарнасын енгізуесебінен (ЖМЗЖ) қызметкердің зейнетақысы 50 мың теңгеге ұлғайып, 190 мыңтеңгені құрайды.

Айтакетейік, Қазақстанда 2,2 миллион зейнеткер бар. 2019 жылдың 1 шілдесіндегіжағдай бойынша зейнетақының орташа мөлшері 85 697 теңгені құрап отыр, оныңішінде базалық зейнетақы – 26 978 теңге, ортақ зейнетақы – 58 719 теңге.

Соңғы жаңалықтар