«Жалпы сомасы 496,7 млрд теңгеге жуық 92 126 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады. Арнайы шоттарға төлем алғандардың 20% жуығы Алматы қаласында тұрады, орындалған өтініштердің 17% пайызы Маңғыстау облысының тұрғындарынан, ал 16% елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілген»,-деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметі.
23 млрд теңгеге жуық сомаға 4 482 өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 42 579 өтінім қабылданбады.
Орындалған өтініштерге жасалған талдау 39% пайыз ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу мақсатына бағытталғанын көрсетеді. Өтініш білдірген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жіберу туралы шешім қабылдаған.
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшінші орындағы сұраныс – жақын туыстарына беру (өтініштердің 19% астамы). Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары туралы толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған мақсаттар бойынша біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде орналастырылған.