Зейнетақы жинағын пайдалану: Ипотекасыз пәтер алсаңыз қосымша құжат талап етіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Зейнетақы жинағын пайдалана отырып ипотекасыз пәтер алсаңыз қосымша құжат талап етіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Отбасы банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Егер баспананы Бірыңғай зейнетақы жинағы қаражатын қолданып өзіңіздің жеке қолма-қол қаражатыңызды қолданып сатып аған болсаңыз enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында растау құжаттарын (ПДФ-форматында) жүктеу кезінде сатушы пәтер құнының бір бөлігін қолма – қол ақшамен алғаны туралы ҚОЛХАТ бірге жүктелуі қажет», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, банк зейнетақы қаражатын мақсатты пайдаланушыларға мынадай кеңестер береді:

• Егер жеке қаражат бөлігі қолма – қол ақшасыз, яғни банктік шотына аударылған болса, онда растаушы құжат ретінде аударылым туралы түбіртек жүктелуі тиіс.
• Егер Сатып алу – сату шарты нотариуста рәсімделіп, пәтер құнының бір бөлігі нотариустың көзінше беріліп және бұл туралы сатып алу – сату шартында нотариус жазған болса қосымша қолхат пен түбіртектің қажеті жоқ.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарын пайдалану үшін жаңартылған «жеткіліктілік шегі» жарияланды. Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.