«Қызылорда облысының полицейлері жедел іздестіру және арнайы іс-шаралар өткізіп, ағымдағы жылдың наурыз айының басында 63 жастағы қала тұрғыны - әйел адамның үйіне қарақшылық шабуыл жасаған деген күдікпен іздеуде жүрген 29 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді», - деді Н.Ораз.
Ресми өкілдің атап өтуінше, күдікті алдын ала сыбайласымен келісіп, жәбірленушінің үйіне баса-көктеп кірген. Жәбірленушінің қолын ноутбуктың шнурымен байлағаннан кейін, шүріп бұрағышпен қорқытып, сейфті ашқызған. Одан 149 мың теңге мен алтын бұйымдарды алып кеткен. «Ұсталған жігіт қамауға алынды, оның сыбайласы іздестірілуде»,- деді ол.